«Mobile Blockbuster film festival» қысқа метражды фильмдер сайысы

12 сәуір 2020 ж. 21549 0
Дата начала конкурса: 12.04.2020
Дата окончания конкурса: 17.05.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен Қазақстанда «Mobile Blockbuster film festival»  (MBff) қысқа метражды фильмдердің алғашқы фестиваль-байқауы басталды. Жобаның ерекшелігібайқау жұмыстары тек ұялы телефон немесе планшетпен түсірулі керек. Фестиваль карантин кезеңінде шығармашылық адамдарға күш пен талантты шығармашылық бағытқа бұру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль тақырыбы: «Маскалар». Маскалар сөзінің кең мағынасында – ол медициналық, театрлық, әлеуметтік және т.б. болуы мүмкін.

Өту мерзімі: 12 сәуірден 17 мамырға дейін.

Қатысу шарттары:

1. СМАРТФОНҒА ТҮСІРУ

Фильмдерді тек смартфонда немесе планшетте түсіруге болады. Фильмдердің жалпы ұзақтығының 10%-ын дронмен немесе экшн-камералармен түсіруге болады. Шамдар, крандар, арбалар, «петличкалар» және т.б. осындай кез-келген өндірістік жабдықтарға рұқсат етіледі. Авторлар визуалды немесе дыбыстық эффекттер үшін пост-продакшн бағдарламалық жасақтаманы қолдана алады.

2. ӨТІНІМ БЕРЕМІЗ

Бейне файлдарды жүктеу жүйесіне жүктеледі. Оның сілтемесі фестивальдің MBfilmfest.kz@gmail.com   электрондық поштасына жіберіледі

Хаттың негізгі бөлімінде мыналарды көрсетіңіз:

  • Команданың аты немесе автордың аты-жөні
  • Байланыс мәліметтері
  • Фильмнің атауы
  • Бейне жасалған смартфонның бренді
  • Қатысушылардың аты-жөні (актер, оператор және т.б.). Әр бейне бөлек жазба ретінде қарастырылады.

P.S. Естеріңізге сала кетейік, барлық жұмыстардың тақырыбы - «Маскалар».

  1. КАТЕГОРИЯЛАР

Категорияларға байланысты фильмнің минималды ұзақтығы - 1 минут, ал максималды ұзақтығы - 12 минут:

  • L – Large (3-тен 12 минутқа дейін)
  • S – Small (1-ден 3 минутқа дейін)
  • XS – eXtra Small (1 минутқа дейінгі фильм)
  • MC – Musical Clip (музыкалық видео)
  • PC – People’s Choice (A!BAiKA фестивалінің YouTube каналында көп «лайк» алғаш ұжымға көремен көзайымы сыйлығы беріледі).
  1. МЕРЗІМІ

Қатысушыларды тіркеу және жұмыстарды қабылдау

2020 жылдың 12 сәуірінен 15 мамырына дейін жүргізіледі.

MBff жеңімпаздары 2020 жылдың 17 мамырында онлайн форматта анықталады.

Әр санаттағы жеңімпаздар онлайн-марапат рәсімінен кейін бір апта ішінде тиісті сыйлықтармен марапатталады. Трансляцияға ашық сілтеме фестивальдің Instagram және Facebook парақшаларында болады.

Келісім шарттары:

1.  Жасы 18+

Байқауға қатысушылардың жасы  18 жастан жоғары болуы керек.

Бұл қатысушылар үшін қойылатын жалғыз шектеу.

2. Құқықтар

• Видео авторлары ұсынылған бейнелердің құқықтарын иеленуші жалғыз адам болуы керек және  ол авторлық құқықтарды бұзбауы керек (ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңына сәйкес).

• Авторлар жіберілген видеолар үшін жауап береді.

• Видеороликті жіберу арқылы авторлар MBff мобильді блокбастерлер фестиваліне және оның серіктестеріне интернеттен, теледидардан, жеке презентациялардан және басқа құралдарды ішінара немесе толық көлемде көрсету, ұсыну, тарату үшін толық бейнеклипті немесе одан алынған үзінділерді пайдалануға құқық береді.

3. Шектеулер

Кез-келген жарамсыз тіркеу (толық емес, қате және т.б.) немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамасын немесе моральдық нормаларды бұзатын немесе қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жұмыстар қарастырылмайды.

Қазылар алқасы:

  • Рашид Сүлейменов, режиссер - қазылар алқасының төрағасы
  • Ерден Телемісов, актер, каскадер
  • Дмитрий Кириенко, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің директоры
  • Артур Михеев, режиссер, Мәскеу қаласы

Фестиваль ұйымдастырушылары:

MBff продюсерлік тобы:

  • Дмитрий Байназаров — бірнеше халықаралық мобильді кино фестивальдердің қатысушысы және жеңімпазы, сценарист, режиссер, продюсер.
  • Марина Гяурова — ТМД-да танымал PR-маман, маркетолог, продюсер.
  • Олеся Колесниченко — халықаралық деңгейдегі интеграцияланған маркетингтік коммуникациялар маманы, бизнес-тренер, продюсер.  

«Карантин және қозғалыс шектеулі болған  жағдайда біз адамдарды өздерін шығармашылық, стандартты емес қырынан көрсетуге шақырамыз. Біз оларға жаңа жағдайда әлеуметтенуге, яғни онлайнға дағдылануға мүмкіндік береміз».

Фестиваль серіктестері:

  • ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры.
  • Creative Group A!BAiKA production.
  • Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі.
  • Ahmad Tea Kazakhstan.

Жүлде қоры:

  • Бас жүлде

L категориясындағы үздік фильм категории

A!BAiKA-дан Смартфон + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • Сценарий

Барлық категориялар

Евгения Ломакинаның (бағалаушы, MBA) «жеке қаржылық жоспарды құру» Online кеңестері + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • Режиссёр

Барлық категориялар

Chaplin Cinemas-тан кәсіби жарық беру құралдарын бір тәулікке жалға алу + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • Музыкалық клип

MC категориясы

Стабилизатор + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

 

  • Актёр

Барлық категориялар

Концертке 2 билет + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • People’s choice

Барлық категориялар

Геннадий Захаровтың (digital-маркетинг маманы) әлеуметтік желідегі парақшаңыздың аудиті және оны жетілдіру жолдары» тақырыбындағы кеңестері   + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • Актриса

Барлық категориялар

Ahmad Tea-дан шай салынған сыйлықтар топтамасы  + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер  

  • Қазылар алқасының сыйлығы

тек қана S және XS категориялары

 «Пик Молодёжный» картинасы + Chaplin Cinemas-тан киноға билеттер

Байланыс: еmail: bainazarov.m@gmail.com

Түсініктеме қалдыру