"Myń Bala" Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңінің қорытындысы шықты

10 наурыз 2020 ж. 2074 4

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында  "Myń Bala" Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңінің қорытындысын жариялады.

Естеріңізге салайық, олимпиада 24 ақпанда басталып, оған еліміздің ауыл мектептеріндегі 5 және 6-сынып оқушылары, барлығы 295 мың оқушы қатысты. Алғашқы кезеңде биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы  «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша 5000 оқушы іріктелді. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер олимпиада қатысушысы сертификатына ие болып, екінші кезеңге жолдама алады.

Екінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен абстаркты-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 бала іріктеледі. Тестілеу аймақтардағы Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде өтеді.  Екінші кезеңдегі сынақтың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптар үшін бейне-трансляция ұйымдастырылады. Бейне-трансляцияны көру сілтемесі  тестілеу күні www. fpp.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

1000 жеңімпаз-оқушының тізімі 2020 жылдың 11 мамырында www.fpp.kz интернет ресурсында жарияланады.  Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мектепте білімін жалғастыру және Нұр-Сұлтан қаласында жазғы лагерьде қатысу ұсынылады.

Екінші кезеңге өткен оқушылардың  Қатысушы жадынамасымен танысуын сұраймыз.

Қосымша ақпаратты +7 7172 248805 байланыс нөмірінен білуге болады.

«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне шыққан қатысушылардың тізімін жүктеп алыңыз:

5-сыныптар:

  1. Ақмола облысы 5-сынып.pdf
  2. Ақтөбе облысы 5-сынып.pdf
  3. Алматы облысы 5 -сынып.pdf
  4. Атырау облысы 5-сынып.pdf
  5. Батыс Қазақстан облысы 5-сынып.pdf
  6. Қостанай облысы 5 сынып.pdf
  7. Қарағанды облысы 5-сынып.pdf
  8. Павлодар облысы 5-сынып.pdf
  9. Солтүстік Қазақстан облысы 5-сынып.pdf
  10. Маңғыстау облысы 5-сынып.pdf
  11. Қызылорда облысы 5сынып.pdf
  12. Шығыс Қазақстан облысы_5-сынып.pdf
  13. Жамбыл облысы 5-сынып.pdf
  14. Түркістан облысы 5-сынып.pdf
     

6-сыныптар:

  1. Ақмола облысы 6-сынып.pdf
  2. Ақтөбе облысы 6-сынып.pdf
  3. Алматы облысы 6 -сынып.pdf
  4. Атырау облысы 6-сынып.pdf
  5. Батыс Қазақстан облысы 6-сынып.pdf
  6. Жамбыл облысы 6-сынып.pdf
  7. Қарағанды облысы 6-сынып.pdf
  8. Қостанай облысы 6 сынып.pdf
  9. Қызылорда облысы 6-сынып.pdf
  10. Маңғыстау облысы 6-сынып.pdf
  11. Павлодар облысы 6-сынып.pdf
  12. Солтүстік Қазақстан облысы 6-сынып.pdf
  13. Түркістан облысы 6-сынып.pdf
  14. Шығыс Қазақстан облысы 6-сынып.pdf

Түсініктеме қалдыру

нурханова с.
6 сыныптар кайда
Күні: 10.03.2020 Уақыт: 21:20
Азаматұлы Ө.
Түркістан обл жоқпа 5 сыныптардан
Күні: 10.03.2020 Уақыт: 21:38
Школа Б.
Когда стартует второй этап в СКО?
Күні: 11.03.2020 Уақыт: 12:03
PR-manager
Добрый день! В связи с введением ЧС в стране Организационным комитетом олимпиады принято решение о переносе сроков проведения второго этапа олимпиады с 20 марта 2020 года на 29 мая 2020 года.
Күні: 23.03.2020 Уақыт: 02:54