Алматыда балалар мен жасөспірімдердің кибербуллингінің алдын алу шаралары талқыланды

30 қаңтар 2020 ж. 18503 0

29 қаңтарда Алматыда “Кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өтті: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Еуразиялық технологиялық университет ұйымдастырған “Педагогтарға, оқушыларға және ата-аналарға арналған ұсынымдар мен құралдар” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның серіктестері: Алматы қаласы білім басқармасы және БҰҰ Ақпараттық Бюросы.

Балалар мен жасөспірімдердің кибербуллингтің (интернет-улаудың) алдын алуға арналған дөңгелек үстелдің белсенді қатысушылары мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының басшылары болды. Ал сарапшылар ретінде АT, балалар құқығы саласындағы мамандар, психологтар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшылар сөз сөйледі.

Іс-шараны ашқан Тұңғыш Президент қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров қызметі талантты қазақстандық жастарды ғылым, мәдениет және білім беруде жүйелі және жан-жақты қолдау болып табылатын Қор үшін кибербуллингтің алдын алу маңызды бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

— Интернет желісі — бұл көптеген базалық және кәсіби білім беру алаңдары мен платформаларына қол жеткізу үшін маңызды ресурс екенін ескере отырып, осы кеңістікте жастар үшін қауіпсіз жағдайлар жасау қажет. Сарапшылардың, педагогтардың, психологтардың, АT, құқық және киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың жалпы күш-жігерімен мектеп оқушылары арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет және сонымен бірге оларға сапалы білім алу және онлайн-кеңістікте қажетті дағдыларды игеру үшін одан да көп мүмкіндіктер беру қажет, — деп атап өтті спикер.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар кибербуллингтің пайда болуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин интернет-улау жасөспірімдерді күйзеліс шараларына, жекелеген жағдайларда өзіне-өзі қол жұмсауға әкеліп соқтырған мысалдар келтірді.

Балалар омбудсмені қазақстандық балаларға қосымша білім беру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың спортпен, мәдениетпен және ғылыммен әуестенуін барынша көтермелеу қажеттігін атап өтті.

Интернет-аддикциямен (тәуелді) балалармен жұмыс істейтін психолог Юлия Васильева өз сөзінде интернеттен және компьютерлік ойындардан тәуелділік дәрежесін анықтау үшін балалармен және жасөспірімдермен қарым-қатынас кезінде ересектердің назарын аудару қажет психологиялық феномендерді атады. Оның ішінде маман кибербуллингтің себебі болуы мүмкін интернет-тәуелділіктің алдын алу жөніндегі ұсыныстармен бөлісті.

“Қазақстан Интернет Ассоциациясының” президенті Шавкат Сабиров дөңгелек үстелге қатысушылар алдында өз баяндамасында балалар порнографиясымен күрес және оның интернетте таралуы жөніндегі ұйымның тоғыз жылдық жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Сондай-ақ, сарапшы Қазақстандағы құқыққа қарсы контентке қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел желінің жұмысы туралы айтты. Бұл www.safekaznet.kz сайты, ол арқылы Интернет пайдаланушылары Қазақстандық сегменттегі интернет-ресурстарға сілтеме жасай отырып, роликтерді, түсініктемелерді және адамның қадір-қасиетін қорлайтын мазмұнның өзге де материалдарын орналастыра алады.

Алматы қаласы білім басқармасының буллинг және кибербуллингпен күрес жөніндегі жұмысы туралы осы мекеме басшысының орынбасары Гульнар Айткулова егжей-тегжейлі ақпарат берді.

— Әрбір білім беру ұйымы директор, педагог, психолог, әлеуметтік қызметкер тұлғасында ата-аналармен бірлесіп мектеп оқушыларының кибербуллингі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде бізге осы проблемамен айналысатын және оны зерттейтін сарапшылардың пікірін тыңдау өте маңызды. Біз олардың тәжірибесін алуға және іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға дайынбыз. Бүгінгі дөңгелек үстел кибербуллингке қарсы іс-қимыл бойынша нақты құралдарды әзірлеу түрінде өз жалғасын тапсын. Осы бағытта ортақ күш-жігермен жұмыс істеу және нақты шаралар қабылдау қажет. Мен көптеген әлеуметтік мәселелер бойынша көп жылдық ынтымақтастықты байланыстыратын Тұңғыш Президент қорына осы дөңгелек үстелді ұйымдастыру бастамасын қолдағаны үшін ризамын. Біз өз тарапымыздан спорт, мәдениет басқармаларымен бірлесе отырып, біз барлық нақты ұсыныстарды қарауға және оқушыларға оларды әртүрлі кәсіби үйірмелермен алып, ғаламтордағы уақытты барынша азайту үшін қосымша білім беру саласында жұмыс істеуге дайынбыз,— деді мегаполистің білім басқармасының өкілі.

Дөңгелек үстел соңында мектеп басшыларына шетелдік тәжірибеге және балалар құқықтары бойынша қазақстандық сарапшылардың түзетулеріне негізделген антибуллингтік саясат пен антибуллингтік кодекс жобалары берілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорларына отандық антинбуллингтік құралдарды ұжымдық әзірлеуге қатысу ұсынылды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлері негізінде білім беру ұйымдары үшін антибуллингтік саясаттың қазақстандық моделін құру және талқылау өтеді.

— Дөңгелек үстелде біз мектеп директорларымен және мектеп психологтарымен мектеп жасындағыларды улаудың алдын алу бойынша құралдармен бөліскен едік, олар Ұлыбритания мен Ресейде осы саладағы прогрессивті тәжірибеге негізделген – бұл Антибуллигновациялық саясат, ата-аналар үшін балаларды улаудың алдын алу жөніндегі нұсқаулық және мұғалімдер, директорлар, оқушылар мен ата-аналарға арналған Антибуллингтік Тәртіп кодексі. Осы құралдар негізінде біз Алматы қаласы мектептерінің барлық қызығушылық танытушы директорларын буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша қазақстандық модельдік құралдарды бірлесіп әзірлеуге шақырамыз, — деп түйіндеді ғылыми социолог-заңгер, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, құқық докторы (PhD), Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD ғалымдар қауымдастығының директоры, Street Law Kazakhstan жобасының үйлестірушісі Халида Ажигулова.

Түсініктеме қалдыру