Стратегия

Біз Қордың тиімді қызметі ойластырылған стратегия мен қоғам қажеттіліктерін айқын пайымдауға тәуелді екеніне сенімдіміз. Біз өзіміз үшін президент қорының үздік тәжірибесінен тұратын және басқа ұйымдардың қызметін қосарламайтын жеке модельді таңдадық.

Қордың негізгі Мақсаты – Қазақстанның гүлденуі үшін Тұңғыш Президент идеялары мен жобаларына біздің азаматтарды біріктіру.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  – Елбасы қоры қызметінің негізгі бағыттары:

  • инклюзивті қоғам дамуына көмек беру
  • білім, ғылым және инновация саласындағы жобаларды жүзеге асыру
  • бәсекеге қабілетті ғылыми-сараптамалық орталықты дамыту
  • халықаралық серіктестікті кеңейту
  • ұлттың мәдени кодын  сақтау