Жоба туралы ақпарат

Шығармашылық жобаларға гранттар

Бағыт типі

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Исмаилов Тимур Мұратұлы
Жобаның басты үйлестірушісі
tismailov@fpp.kz

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ГРАНТТАР

Шығармашылық жобаларға гранттар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қалу мен дамыту мақсатында мәдениет пен өнердің жас қайраткерлеріне беріледі.
Грант бөлу байқау негізінде жүзеге асырылады.

ӨТІНІШ БЕРУ

Көрсетілген мерзімде үміткер тізімдегі қажетті құжаттармен бірге байқау өтініштерін береді (Мәдениет пен өнер салаларындағы шығармашылық Қор гранттарын бөлу ережелерін қараңыз).
Өтініш барлық қосымша құжаттармен бірге ізденуші қолымен расталып бір данада беріледі.

ГРАНТ БЕРУ

Грант иегерлерін Қордың құрамында кемінде 5 мүшесі бар байқау комиссиясы анықтайды. Грант комиссия мүшелері дауыстарының 3/4-не ие болған үміткерге беріледі.

ГРАНТ БӨЛУ

Қор мен үміткер арасында Грант (демеушілік көмек) бөлу туралы шарт жасалғаннан кейін бөлінеді.
Қор қаражаттың пайдалануын бақылауды қамтамасыздандырады және мақсатқа сай пайдаланбау фактісі анықталған жағдайда Қор төленген қаражаттың қайтарылуын талап етуге құқылы.