Жоба туралы ақпарат

Елбасы Медалі

Жауапты тұлғалар

Өтепқалиева Бибігул Тоқайқызы
«Елбасы» төсбелгісі" жобасының үйлестірушісі
elbasymedali@elumiti.kz

Егер сен  дамуға ұмтылсаң, алдыңа биік мақсат қойсаң, жасың 14 пен 29 жас аралығында болса, егер сен Қазақстанда тұрсаң  «Елбасы медалі» #challenge саған дағдыларыңды шыңдауға, жаңа достар табуға және өзіңді үздіктер қатарына қосуға көмектеседі!  

Ол үшін не істеу керек?

  • Тіркел  - алдын-ала тіркелу өтінімін толтыр
  • Өзің өткің келген деңгейді таңда - алтын, күміс, қола
  • Өз деңгейіңнің талаптарын үзбей орында
  • Өз деңгейін аяғына дейін өткен қатысушыны марапат пен сыйлықтар күтеді!                 
     

 Қандай деңгейді таңдайын?             
            

«Қола» деңгей  
Жас шектеуі 14 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 6 ай 

«Күміс» деңгей
Жас шектеуі 15 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 12 ай
 

«Алтын» деңгей
Жас шектеуі  16 жастан жоғары.
Ұзақтығы – 18 айға дейін

 

Егер жас талабына сай келсең, деңгейді бірден таңдай аласың  немесе әр деңгейді бірте-бірте өтесің.

Қандай сабақтар өтеміз?

 #challenge-де  7 бағыттан өту керек:

 

Жеңіске барар жолда сен уақытыңды тиімді өткізесің: пайдалы тренингтер тыңдайсың, көрмелерге мен байқауларға қатысасың, туристік саяхат жасайсың, кітап оқисың және т.б. Деңгей өскен сайын, сен өз уақытыңның көп бөлігін тапсырмаларды орындауға жұмсайсың және өз дағдыларыңды шынықтыра түсесің!  

 #challenge-ге қатысу маған не береді?

Барлық тапсырмаларды бұлжытпай орында, ақылды, күшті, дарынды бол! #challengeElbasyMedali бағдарламасын өту барысында сен құрдастарыңмен танысасың, елімізге танымал тұлғалармен кездесесің, өзіңді Қазақстанға танытасың!
Жеңімпаздар медальмен марапатталып, еліміздің кәсіби мамандар арасында өз орнын табуға мүмкіндік алады!