Жиі қойылатын сұрақтар

“Ел Мақтанышы” премиясы кімге беріледі?

- Өткен оқу жылында медаль алған математика (IMO), физика (IPH), информатика (IOI), химия (IChO), биология (IBO), география (IGeO), лингвистика (IOL) бойынша ең беделді халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне;

- Жүлдегерлердің жеке жаттықтырушыларына;

- Команданың жетістігіне едәуір үлес қосқан аталған Халықаралық зияткерлік сайыстарындағы ұлттық құрамалардың жаттықтырушыларына.

Жеке жаттықтырушы жүлдегердің пән мұғалімі, сондай ақ жүлдегердің мектептен тыс жаттықтырушысы болуы мүмкін.

"Ел Мақтанышы" премиясының лауреаттары қалай анықталады?

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан құрама командаларының құрамында өткен оқу жылында математика (IMO), информатика (IOI), физика (IPhO), химия (IChO), биология (IBO), география (IGeO) және лингвистика (IOL) бойынша халықаралық олимпиадаларда жүлде алған оқушылардың тізімін ұсынады.

"Елбасы академиясы" корпоративтік қоры халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне  оқушының жетістікке жетуіне үлес қосқан жеке және ұлттық жаттықтырушылар туралы сауалнама жүргізеді.

“Ел Мақтанышы” премиясының ақшалай сый ақы көлемі қандай?

Алтын медаль үшін

2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Күміс медаль үшін

1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Қола медаль

500 МЫҢ ТЕҢГЕ

Сыйлық лауреаттардың әрбір санатына - жүлдегерге, жеке жаттықтырушысына және жетістікке  едәуір үлес қосқан ұлттық құрама команданың жаттықтырушысына беріледі.