Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өзім таңдаған бағыттар бойынша айналысып жүргенімді қалай растаймын?

Бағдарламаның қатысушысы ретінде сен журнал толтырып отырасың, оған келесі ақпаратты енгізу қажет:

1) «Спорт және дене шынықтыру», «Талант пен машық» және «Ұлттық мұра» бағыттары бойынша – кестеге сәйкес сабаққа үнемі қатысу туралы тәлімгер растаған белгілер;

2) «Еріктілік» және «Туристік сапарлар» бағыттары бойынша – тәлімгермен расталған қысқаша есеп, оның ішінде науқанның атауы мен нәтижелері, фото немесе бейнероликті қоса беру.

3) «Кітап оқу» бағыты бойынша – әрбір оқылған кітаптан кейін оның мазмұнына көзқарас баяндалған, тәлімгердің бағасы бар қысқаша эссе немесе бейнеролик;

4) «Еңбек тәжірибесі» бағыты бойынша – қысқаша есеп және жұмыс берушінің белгісі.

 

 

Бағдарлама қатысушылары үшін жас мөлшері бойынша шектеу бар ма?

Қола деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Күміс деңгей 15 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Алтын деңгей 16 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Бағдарламаға қатысу үшін тәлімгерді қалай таңдау керек?

Бағдарлама порталына тіркелгеннен кейін, саған өз өңіріңнен немесе оқу орныңнан тәлімгерлер ұсынылады. Сен олардың кез келгеніне жүгіне аласың.

Егер мен спорттың белгілі бір түрімен бұрыннан айналысып жүрген болсам, мен оны жалғастыра алам ба әлде маған басқа түрін таңдау керек пе?

Сен бұрыннан айналысып жүрген спорт түрімен айналысуды жалғастыра аласың, бағдарламаға қатысу үшін сабақтардың ұзақтығы мен ұдайылығы бойынша талаптарды сақтау қажет. Спорт түрлерінің тізімі, сонымен қатар басқа бағыттар бойынша ұсынылатын сабақ түрлерін «Қатысушы» бөлімінен нақтылауға болады.

 

Бағдарламаға қалай қатыса аламын?

Бағдарламаға қатысу үшін порталға тіркеліп, қатысуға өтінім қалдыру қажет. Өтінім тіркелгеннен кейін саған Бағдарламалар және тұрғылықты немесе оқитын жеріңе сәйкес тәлімгер ұсынылады. Сонымен қатар саған нормативтер мен жеке кесте жіберіледі. Нормативтер мен кестені алғаннан кейін сен Бағдарлама талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарландыру аласың.

Бағдарлама маған не береді?

Әрбір қатысушы таңдаған бағыты бойынша өз машықтарын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, жаңа достар табуға, өз өлкесін тануға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, бағдарлама талаптарының орындалу нәтижесінде үздіктер іріктеліп, олар ерекшелік белгісімен марапатталады. Медаль иегерлерін көтермелеу мақсатында білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу кезінде, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің гранттарын, жоғары оқу орындары ректорларының гранттарын тағайындау кезінде, академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алуға басымдық құқығын беру көзделген.

 

Деңгей бойынша қызмет бағыттары немен ерекшеленеді?

Әрбір деңгей үшін қызмет бағыттары мен сабақтар ұзақтығы белгіленген. Қола және күміс деңгей үшін алты бағыт қарастырылған: Спорт және дене шынықтыру, Кітап оқу, Талант пен машық, Еріктілік, Туристік сапарлар, Ұлттық мұра. Алтын деңгей үшін «Еңбек тәжірибесі» бағыты қосылады.

Қола деңгейдің талаптарын орындауға 6 айдан 1 жылға дейін уақыт беріледі, күміс деңгейге – 2 жылға дейін, алтын деңгейге – 3 жылға дейін.