«Өзгерістерді басқару саласының менеджерлерін оқыту» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.

18 ақпан 2020 ж. 544 0

17 ақпанда «Өзгерістерді басқару саласының менеджерлерін оқыту» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды. Бүгінгі күнге  2 512 өтінім қабылданды. 
Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша іріктеудің екінші кезеңіне 1305 үміткер өтті.  Енді олар қабілет, ынта мен тұлғалық ерекшеліктерді анықтау сынағына қатысады. Тестілеу 22 ақпанға дейін жалғасады.Тестілеуден сәтті өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады. Іріктеу процесін қорытындылау 18 наурызға жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, «Өзгерістерді басқаруға арналған салалық менеджерлерді оқыту» бағдарламасы Елбасының  «Ел үміті» бастамасының аясында әзірленген және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ экономика дамуында жаңа тәсілдер мен жаңа әдістерді әзірлеу қажеттілігі туралы Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмасын сапалы орындауға бағытталған. 
Бағдарлама туралы толық ақпаратты Жобаның facebook: «Салалық менеджерлерді оқыту Бағдарламасы» және telegram: «Салалық менеджерлер» парақшаларынан таба аласыз.

Түсініктеме қалдыру