Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсы - 2020

10 ақпан 2020 ж. 2672 0

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүдделері үшін жаһандық проблемаларды локалды шешу» тақырыбына республикалық Әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарын Тұрақты даму процесіне қатыстыру, мемлекеттік емес ұйымдардың потенциалын өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды проблемаларды шешуге қатыстыру, сондай-ақ азаматтық бастамаларды одан әрі start up мақсатында қаржыландыруға қолдау көрсету болып табылады.

Конкурс тұрақты даму мүддесі мақсатында жергілікті қауымдастық өмірінің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық проблемалар кешенін анықтауға және еңсеруге бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің аясында өтеді.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:

1.«Тең мүмкіндіктер қоғамы – тұрақты дамудың стратегиялық бағдары»

Аталған номинацияда:

  • білім беруде, шығармашылықта, спортта және тіршілік әрекетте инклюзивтікті дамыту, оқу-білім беру процесі барысында инновациялық технологиялар мен озық әдістерді енгізу және оқытуда өмірлік маңызды дағдыларды дамыту, ерекше қажетілігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу, оңалту.
  • балалар мен жасөспірімдердің мүдделері мен қажеттіктерін анықтау арқылы кәсіби-еңбекке оқыту және кәсіптік бағдар беру, кәсіби дағдыларын дамыту;
  • аға буынның және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын арттыру, соның ішінде осындай адамдардың объектілерге және көрсетілетін қызметтерге қолжетімдігін арттыруға жағдай жасау.

2. «Тұрақты даму мақсатындағы әлеуметтік кәсіпкерлік»

Аталған номинацияда үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыруды және дәріптеуді қамтамасыз ететін үздік әлеуметтік жобаларды анықтауға бағытталған жобалар қаралады, онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қолдау көрсетуге, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге қол жеткізуді арттыруға, сектораралық өзара әрекеттестікті дамытуға және әлеуметтік саланы жаңғыртуға ықпал ететін әлеуметтік саланың және мемлекеттік емес ұйымдардың әлеуметтік бағдарланған ресурстық орталықтарын ынталандыру көзделген:

  • кәмелетке келген мүгедектерді қоғамдық өмірге қатыстыруға және жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
  • білім беру саласында әлеуметтік кәсіпкерлік экожүйесін құруды қамтамасыз ететін қаржылық сауаттылыққа оқыту, сондай-ақ мүгедек адамдар мен жұмыссыз жастарға  кәсіпорындарда,  үздіксіз білім беру орталықтарын құру.

3. «Тұрақты даму мақсаты: қоршаған ортамен үйлесімдік»

Аталған номинация бойынша қаралады:

  • адамдардың күнделікті экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға және табиғи ескерткіштерге саналы және ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру;
  • қоқыс жинау, көркейту және ормандарды, өзендерді, бұлақтарды, су қоймасы мен олардың жағаларын тазалау;
  • жануарларға қатыгездік танытудың алдын алу;
  • орман өрттерінің алдын алуға және (немесе) сөндіруге қатысу;
  • электр қуатын үнемдеу және экологияны от түтінімен ластамау;
  • мектеп оқушыларына макулатура жинату және тұтыну саналығын әдеттендіру;
  • мектеп оқушыларына экологиялық білім беру жүйесін енгізу, мектеп оқушыларына арналған экологиялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Жәрмеңке өткізу мерзімі

І кезең (2020 ж. 10 ақпаннан 10 сәуірге дейін) - конкурстық өтінімдерді қабылдау, конкурстық құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін бастапқы іріктеу; үміткерлермен оқыту вебинарларын және онлайн-конференцияларын өткізу. 

ІІ кезең (2020 ж. 11 сәуірден бастап 20 сәуірге дейін) - жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды (ТОП-50 жобалар) іріктеу.

ІІІ кезең (2020 ж. 29-30 сәуір) - Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіндегі жобаларды (ТОП-50 жобалар) қорғау (ұйымның стендтік тұсаукесері және жобаның бейне тұсаукесері). Жеңімпаздарды анықтау.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім MsWord фоматында қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс, электрондық  innovaproekt@fpp.kz және қағаз түрінде пошта арқылы немесе курьер арқылы: A25T0H5, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Иванилов к-сі, 12А үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры.

Байланыс:

Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы, телефоны: 8 (727) 220-92-17, 220-90-37,   е-mail: innovaproekt@fpp.kz

Назар аударыңыздар! Конкурсқа өтінім берудің алдында Өтінім беру жөніндегі нұсқаулықпен танысуды сұраймыз:  ӘИЖ-2020 өтінішін толтыру тәртібі .doc

Түсініктеме қалдыру