Дәстүрлі трэвел-гранттар байқауы басталды

17 ақпан 2020 ж. 1523 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры 40 жасқа толмаған жас ғалымдар мен өнер қайраткерлері үшін кезекті трэвел-гранттар байқауын жариялайды. 

Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шетелде өтетін мамандандырылған іс-шараларға қатысу үшін грант тағайындалады. 

Байқауға қатысуға жеке немесе шығармашылық ұжымдар қатарында өнер көрсететін (жұмыс істейтін) 40 жасқа дейінгі мәдениет және өнер саласындағы жас өнерпаздар мен жас қазақстандық ғалымдар - жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері,  PhD докторлары, магистрлер, ЖОО соңғы курс студенттері (магистратура мен бакалавриат)  шақырылады.  

Жол жүру шығындарын өтеу гранттары: 

  • жас ғалымдар мен ЖОО студенттері үшін Қазақстан мен шет елде өтетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинар мен конгрестерге;
  • қазақстандық жас мәдениет және өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ шығармашылық ұжымдарға Қазақстан мен шет елде өтетінфестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, тәлім алу сабақтарына, биеннале мен конференцияларға қатысу үшін беріледі. 

Өтініш беру мерзімі: 2020 жылдың 17 ақпан мен 30 қараша аралығы.

Грант бөлу Ережесі мен қатысушы өтініші:

Байқауға қатысу өтініштерін төмендегі мекен-жайға жіберіңіз:

050059,  Алматы қ., Иванилов көшесі, 12А

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры

Қосымша ақпарат үшін байланыс: 

+7 (727) 220 92 24, 220 90 29 roza@fpp.kz — Едигеева Роза Макашевна — жас ғалымдар үшін.

+7 (727) 220 92 14, 220 90 29 stm@fpp.kz — Исмаилов Тимур Муратович — мәдениет пен өнер қайраткерлері үшін.

Түсініктеме қалдыру