"You can BI" жастар орталығында екі би шеберлігіне үйретеді

17 қаңтар 2020 ж. 18140 0

НҰР-СҰЛТАН. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 17 қаңтар 2020 ж. — Қазіргі заманғы мемлекетті дамытудың аса өзекті міндеті ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға бейімделуі үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру үлкен әлеуметтік, экономикалық және моральдық-этикалық мәнге ие.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өз тарапынан сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдеседі. Қор "You can BI" жастар орталығын ашу және рекреация жобасын қолдады. Жобаның авторы - "Қазақстан Республикасы би жұбы федерациясының" президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Түсіпбекова. 2019 жылы оның жобасы Елбасы Қорының "Zamannyn` ziatker jastary - vision of the future" әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпаздарының бірі болып танылды.

 

Нұрұлтанда ашылған Жастар және рекреация орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға, әлеуметтендіруге бағытталған. Орталықта би шеберлігіне үйрету – спорттық, балдық және халықтық би бойынша сабақтар ұйымдастырылады.

 

— Біздің Орталықта біз үйренушілер өз қабілеттерін ашуда барынша тереңірек дами алатын атмосфераны құруға тырысамыз. Би жұбы - әлеуметтік бейімделудің бір түрі. Олар адамдардың сенімділігін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға ынталандыруды нығайтуға ықпал етеді. Адам өзін бірдеңе жүзеге асыра алатын рухпен күшті. Елбасы қорына біздің жобамызға нақты қолдау көрсеткендері үшін ризамын! — деді Әлия Түсіпбекова.

 

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының белгілі спортшылары — Әлем чемпионы Сәрсембаева Қарлығаш, Азия Паралимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері және әлемнің қола жүлдегері Ардақ Оторбаев, сондай-ақ 2019 жылғы Әлем чемпионатының қатысушылары Алиева Севда, Абуов Құрбанали қатысты.

 

Салтанатты рәсімге спортшылар мен музыкалық орындаушылардың өнер көрсетулері қойылды.

 

 

 

 

Түсініктеме қалдыру