Жаңа білім – онкологиялық ауруларды емдеуде көмек

10 қаңтар 2020 ж. 20068 0

Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыру - мықты, гүлденген мемлекеттің негізі. Елбасы Қоры білімді және жоғары білікті мамандар болуға ұмтылған жастарды белсенді қолдайды.

 

Олардың бірі — Евгений Кожаев. Ол - Алматы қ. паллиативтік көмек орталығының жас маманы,  Сеулде ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының грантын трэвел жеңіп алды. Сеул ұлттық университетінің қатерлі ісік ауруларын зерттеу институтында дәрігер-терапевт созылмалы ауырсыну синдромы мәселесін шешу әдістері туралы жаңа білім алды.

 

Он күннен астам уақыт бойы созылған ғылыми тағылымдама барысында Елбасы Қоры грантының иегері Евгений Кожаев қуатты теориялық базаны ғана емес, сонымен қатар Сеул ұлттық университеті госпиталінің паллиативтік көмек орталығының жетекші дәрігер-онкологтарының клиникалық тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.

 

Айта кету керек, Сеул ұлттық университетінің ауруханасы жыл сайын медицинаның әр түрлі бағыттары бойынша 1000-нан астам дәрігер білім алатын оқу орталығы болып табылады. Мыңнан астам ғылыми жұмыстар мен клиника мамандарының мақалалары жыл сайын әлемнің ықпалды ғылыми журналдарының бірі SCI-де жарияланады.

 

Евгений ғылыми тағылымдамадан өту, оған паллиативтік көмек шеңберінде онкологиялық науқастардың созылмалы ауырсыну синдромын емдеудің қазіргі заманғы әдістерін зерделеуде және қолдануда баға жетпес практикалық тәжірибе бергендігін атап өтті.

 

Игерілген білім мен дағдыларды дәрігер-терапевт Евгений Кожаев өз жұмысында енгізуді және отандық денсаулық сақтау саласының игілігі үшін дамытуды жоспарлап отыр.

 

— Тұңғыш Президент қорына жас мамандар мен ғалымдар кәсіби өсе алатын, сонымен қатар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатын жағдайлар жасағаны үшін шынайы алғысымды білдіремін, — дейді Евгений.

 

Жас дәрігердің жоспарында – Сеул ұлттық университетінің обырды зерттеу Институтының ғалымдарымен ғылыми ынтымақтастық орнату бар.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру