«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Тұңғыш Президент Қоры церебралды сал ауруы және ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектеседі

9 қаңтар 2020 ж. 21255 0

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Қоры арасындағы меморандумының аясында  церебалды сал аурулары бар балаларға арналаған 8 оңалту орталығы және 16 инклюзивті қолдау бөлмелері ашылады. Тараптар денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қор соңғы жылдары жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізгенін және Қазақстандағы қайырымдылық бағдарламаларының ең ірі доноры болып табылатындығын атап өтті. Соңғы 5 жыл ішінде Қор компаниялары тобының қайырымдылық көлемі 60 миллионнан астам теңгені құрап, қамтылған адамның  саны 1 миллионнан асты.  

 «Меморандум аясында бірқатар әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда. Біз Тұңғыш Президентіміз - Елбасы бастаған «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша бірлескен жұмысты жалғастырамыз. Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы «Самұрық-Қазына» қоры түйінді мәселелерін  шеше алмайтын, қиын жағдайға тап болған адамдардың өміріне елеулі үлес қосады, тұтастай алғанда елдегі әлеуметтік өзгерістерге оң ықпал етеді»,- дейді  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

 «Самұрық-Қазына» қорының басшысы «Қамқорлық» бағдарламасы бизнес, үкімет және үкіметтік емес сектор арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Елбасының «Қамқорлық» бастамасы инклюзивті қоғамды дамыту үшін көптеген шараларды қарастырады. Бірінші кезең ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, оңалту орталықтары мен инклюзия кабинеттерін ашуды көздейді.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры 171 маман даярлауды және осы орталықтарды ашу үшін 49 реабилитологтың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, «Самұрық-Қазына» АҚ орталықтарды жабдықтармен толық қамтамасыз етеді.

 «Біздің жұмыс тобымыз барлық облыстарды аралап, оңалту орталықтары мен инклюзивті бөлмелер ашылатын елді мекендерді анықтады. Олар 8 өңірдегі қолданыстағы ауруханалар, емханалар мен орта мектептер негізінде ашылады. Бастапқы кезеңде біз мамандарға қажет жабдықтардың тізімін анықтадық, мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын жасадық. Елбасы бізге оңалту орталықтарын биыл ашуды тапсырды.  Сөз жоқ, ол көп жұмыс. Бұл қиын жағдайда бізде  «Самұрық-Қазына» АҚ сияқты мықты серіктес бар. Біз бірігіп ерекше көңіл бөлуді қажет ететін және мақсаттарына жеткісі келетін балаларға көмектесеміз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев.

 

Түсініктеме қалдыру