«Елбасы Академиясы»  Корпоративтік қоры «Елбасы медалі» модулін жүзеге асыру үшін ең үздік IT-шешімдер байқауына өтініш қабылдауды  аяқтады

24 наурыз 2020 ж. 16441 0

24 наурызда жобаны жүзеге асыру ұсыныстары бойынша байқауға қатысу өтініштерін қабылдау тоқтатылды.

«Елбасы медалі» бағдарламасы  белсенді, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға және Тәуелсіздік құндылықтарымен  қазақстандық жастарды, патриотизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға және үздіксіз дамуға тәрбиелеуге бағытталған.

Жобаның мақсаты - 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды отансүйгіштікке және белсенді азаматтық ұстанымға, сондай-ақ қоршаған ортаны дамыту мен  өзін-өзі дамытудағы жеке жетістіктері  үшін ынталандыру.

Барлық қатысушыларға байқауға ат салысқаны және  оңтайлы ұсыныстары үшін алғыс білдіреміз.

Түсініктеме қалдыру