Тұңғыш Президент Қоры Алматы мен Алматы облысындағы балаларды Жаңа жылмен құттықтады.

20 желтоқсан 2019 ж. 85 0

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ТПҚ. Тұңғыш Президент Қоры Алматы мен Алматы облысының балаларына 20 желтоқсан күні  Нағыз сиқыр сыйлады. Қызықты трюктер, лазерлік шоу, түрлі-түсті костюмдер мен, әсерлі әуендер мен Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде  гимнастшылар, акробаттар мен эквилибрист ойыншылары  “Жаңғақ шаққыш және тышқан патшасы” ертегісін  ұсынды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сіздерге Ең жақсы мереке қарсаңында ұмытылмас қойылым сыйлайды. Қазір  цирк күмбезінің астында, сүйікті жаңа жылдық ертегі, жақсылық орнаған армандар орындалады және нағыз ғажайыптар болады,. Жаңа жыл-бұл тілек, сиқыр және қуаныш орындалу уақыты. Сіз ойлаған барлық нәрсе, шын жүректен қалайтын нәрселер, бүкіл  армандарыңыз міндетті түрде орындалады.  Арманмен қанаттанған адам өзін ғана емес, бүкіл әлемді де өзгерте алады. Сіздердің әрқайсыңыздың жарқын да жасампаз болашағы бар екеніне сенімдімін, — деп мерекеге жиналған балаларды Қордың жобалардың аға үйлестірушісі Гүлнәр Ершім қызы құттықтады.

Жақсылықтың зұлымдықты жеңуінің жақсы ескі тарихы  жаңа түстермен ойнай бастады. Цирк әртістері мен жануарлар  алғашқы  минуттардан  бастап жас көрермендерді  таң қалдырды. Сахнада, залда және ауада ертегілік қойылым өтті. Үлкен Мәскеулік цирктен шақырылған клоуна Оксана Нескладная Жаңа жылдық бағдарламаның басты ерекшелігі болды.

– “ Жаңғақ шаққыш және тышқан патшасы ” цирк қойылымы тамаша болды. Менің кіші сіңілім екеумізге клоун, би билеген иттер және скутер мінген аюлар өте ұнады. Біз барлық залда доп ойнадық. Өте қызықты да көңілді болды, — дейді Алматы гимназияларының бірінің оқушысы Зере Өшібай қызы.

Көрсетілім шын мәнінде өзінің бірегейлігімен және ерекшелігімен таң қалдырды.  Жаңғақ шаққыш-күрделі сальто орындайтын эквилибрист, және ерекше нөмірлер ұсынған төрт аяқты әртістер, ешкімді бей-жай қалдырмады.

Атап айтарлығы, іс-шараның форматы инклюзивті сипатта болды. Оған даму ерекшелігі өзгеше балалар мен  мүмкіндігі шектеулі құрдастары қатысты. Интерактивті бағдарлама осылай құрастырылған, ешқандай  ерекшіліксіз оған барлығы қатысады.

– Көрсетілім өте жарқын, әсем, әуенмен болды. Өте керемет болды,мен шынымен Жаңғақ шаққышқа қонаққа барғандай болдым,  тышқан патшасымен онымен бірге шайқасып,  шын жүректен жеңіске қуандым. Акробаттар, бишілер, клоун, үйретілген аюлар, ит пен мысықтар осы ғажайып сыйқырлы оқиғаны толықтырды,-деді Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының 4-сынып оқушысы Златослава Беличенко.

Цирк қойылымының қонақтары  сүйікті ертегі ғана емес, сонымен қатар өздерімен бірге жағымды эмоциялар мен әсерлерді алып кетті. Ал Аяз Ата Ақшақармен бірге әр балаға ҚР Тұңғыш Президенті Қоры мен “Рахат” АҚ — ның балаларға арналған іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыру кезінде жаңа жылдық сыйлықтарды табыс етті.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру