«ЖОО-ны сандық технологияға көшіру: қадамдық алгоритм» Конференциясы

El Umiti
22 сәуір 2020 ж. 19767 0

Сандық жүйеге көшу  білім беру саласын, оның ішінде жоғары оқу орындарын да  айналып өтпеді.  Қазіргі жағдайдың сын-тегеуріндерінен мүдірмей өту үшін  әр бір ұйым  мақсат-бағыттарын өзгертуге, ұйымдастыру және қаржылық модельдерін қайта қарауға , цифрлық оқу процесін қайта жобалауға, қызметкерлерінің сандық технологиядағы машықтарын жаңадан қалыптастыруға мәжбүр.    

Осыған орай  Тұңғыш Президент Қоры мен "Елбасы Академиясы" Корпоративтік қоры  "Birge Oqý"  дамытушы пікірталас алаңының аясында "ЖОО-ны сандық технологияға көшіру: қадамдық алгоритм"  тақырыбында үшінші онлайн-конференциясын өткізеді.

Өтетін уақыты: 25 сәуір 2020,  15:00.

Эфир жоғары оқу орындарының басшыларына арналып, кездесуде мықты ресей сарапшылары  тәжірибемен бөлісіп, ақпарат береді.

 Спикерлер:

  • Андрей Комиссаров, 20.35 Университетінің "Деректер негізіндегі даму"  қызметтер дирекциясының басшысы.  "Білім беру деректерінің инжинирингі" бағытындағы  ресейлік жетекші маман  "Білім берудегі сандық трансформация –деректермен жұмыс және сандық жүйеге өтудің негізгі мәселелерін шешу" тақырыбында әңгіме қозғайды.
  • Виола Ларионова, доц.,ф.-м.ғ.к., Урал федералдық университетінің білім беру технологиялары жөніндегі проректор орынбасары  федералды университеттің жаппай онлайн білім беруге көшу тәжірибесімен бөліседі. Семинар тақырыбы:  "Университеттегі онлайн білім берудің  нормативті-құқықтық және ұйымдастырушылық-қаржылық қамтамасыз етілуі".

Конференция жүргізушісі: Гүлмира Құрғанбаева, CEO "Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы".  

Эфирді "Birge oqý" жобасының   Youtube  және Facebook  әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларынан көруге болады.

Түсініктеме қалдыру