ҮЕҰ және әлеуметтік стартаптар өкілдеріне арналған вебинар. «БАҚ пен ҮЕҰ арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керек»

11 мамыр 2020 ж. 10258 0

13 мамыр 2020 ж. /сәрсенбі/ күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүдделері үшін жаһандық проблемаларды локалды шешу» әлеуметтік идеялар мен жобалардың дәстүрлі жәрмеңкесі аясында  «БАҚ пен ҮЕҰ арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керек» вебинарын өткізеді. Кездесу спикері қоғамдық қайратекер, PR-сарапшы  Анна Шелепова.

Сипаттамасы:

Бұқаралық ақпарат құралдары мен блогосфера аудиторияда кеңінен қамтылуына байланысты коммуникацияның тиімді және түсінікті арналары болып табылады. Өзара іс-қимыл жасаудың жоқтығына байланысты ҮЕҰ қызметі журналисттердің назарынан тыс қалып жатады. Осы себепті үшінші сектор өкілдері қызметтері, жобалары мен бастамалары қызықты болуы мүмкін мақсатты аудиторияның айтарлықтай бөлігін жоғалтады. ҮЕҰ мен БАҚ арасындағы табысты және ұзақ мерзімді әріптестікті қалай орнатуға болатынын Анна Шелепованың вебинарынан біле аласыздар.

Вебинар қатысушылары қандай ақпарат алады:

  • ҮЕҰ қызметімен қоғамды қалай ақпараттандырса болады;
  • Азаматтық сектордың жұмысымен БАҚ қалай қызықтырса болады;
  • ҮЕҰ басшысына сарапшы рөлін қалай жасаса болады;
  • ҮЕҰ журналистермен және пікір көшбасшыларымен тиімді байланысты қалай орнатады.

Вебинар барысында қатысушылар не алады:

  • Ұйымнан БАҚ қызығушылығын тудыратын брендті қалай жасау керектігін түсінеміз
  • Көңіл бөлдіретін, өзекті, қызықты ақпарат жазуды үйренеміз                      
  • Баспасөз ивенттерін ұйымдастыру, журналистердің максималды жиналуын және БАҚ шығарылымдарын көбейтуді білеміз.      

Спикер туралы:

Анна Шелепова әлеуметтік кәсіпкер, Sport Concept қоғамдық қорының негізін қалаушы (6жыл), Concept Media PR агенттігінің басшысы (6 жыл), журналист (18 жыл).

Қашан:

13 мамыр 2020 ж., сағ.13:10.

Қайда:

Zoom   бейнеконференция жүйесі.

Қалай қатысуға болады:

Сілтеме бойынша тіркеуден өту. Барлық тіркелген қатысушыларға тіркелу кезінде көрсетілген e-mail бойынша вебинарға сілтеме жіберіледі. Қатысу тегін.

Түсініктеме қалдыру