Ұстаздар үшін вебинарлар топтамасы жалғасады

12 мамыр 2020 ж. 9697 0

«Birge oqý»  дамытушы пікірталас алаңы ұстаздарға арналған білім беру вебинарларын жалғастырады. Бұл аптадада көрермендер видео-сабақ әзірлеуді үйреніп, сарапшыларға сұрақтарын қоя алады.

 «Бейне-сабақ  әзірлеу құралдары» - 12 мамыр 18.00-де вебинар қазақ тілінде өтеді, ал орыс тілінде сағат 19:30-да көріңіздер. Эфир  «Birge oqý»  дамытушы пікірталас алаңының  YouTube-арнасында.

Мамандар бейне-сабақтарды жазу, скринкастинг және басқада қосалқы көмек құралдары туралы кеңестерімен бөліседі. 

Вебинарда қоғалатын тақырыптар:

  • Компьютеріңіздің экранын бейнеге жазу бағдарламалары
  • PowerPoint  көмегімен бейне-сабақтар әзірлеу;
  • Бейне-сабақтар үшін интерактивті онлайн-тақталар.

 «Сабақ ресурстарын құру құралдары» - 14 мамыр сағат 18:00-де  вебинар қазақ тілінде, ал 19:30-да орыс тілінде Эфир  «Birge oqý»  дамытушы пікірталас алаңының   –YouTube-арнасында  өтеді!

Вебинарда сабақ ресурстарын құру құралын қалай пайдалану керектігін және 

  • презентациялар;
  • сабақ жоспарын;
  • анимациялық  презентациялар құру мен оларды сақтау жолдарын  білесіз.

Түсініктеме қалдыру