Birge oqý-мен бірге сабақ құру бағдарламасын тегін жүктеп алыңыз

12 мамыр 2020 ж. 9285 0

«Birge oqý»  жобасы өз қолданушыларына жаңа мүмкіндіктер сыйлап,  «Movavi Білім»  бағдарламасымен таныстырады! 

Бұл ресейлік Movavi  ІЕ-компаниясының әлеуметтік жобасы. Оның мақсаты – ұстаздар арасында медиа құзыреттілікті арттырып, медиа шығармашылықты дамыту. Компания 3 жыл ішінде Ресейдің 2500-ден астам мектептерін, ЖОО, бала-бақшаларын өз бағдарламаларымен қамтамасыз еткен.

COVID-2019 пандемиясының кезеңінде  Movavi  ұстаздар үшін арнайы акция өткізіп, бейне-сабақтар жазатын Screen Recorder  бағдарламасын Қазақстан ұстаздарына да тегін таратып жатыр.

Бағдарламаны алу үшін білім беру мекемесіне, мұғалімге немесе оқушыға  https://edu.movavi.ru/sr-for-free  сайтында өтінім парақшасын толтырып, электронды поштаға активтендіру кілтін алу керек.  Егер қолданушы «Біздің акциямыз туралы қайдан білдіңіз?» деген сұраққа "Birge oqy"- деп жауап берсе,  өтінімге директордың қолын көрсетпей -ақ, активтендіру кілтіне ие болады. Акция мерзімі 31 мамырға дейін.

Бұл бағдарламамен сіздер компьютерді ғана қолданып, бейне-сабақтар әзірлейсіздер, сондай-ақ:

  • компьютердің жұмыс бетін, бағдарлама бетін немесе веб-парақшаны  бейнеге  түсіре аласыз;
  • скриншоттар жасайсыз;
  • вебкамера мен микрофон көмегімен өзіңізді түсіресіз;
  • жазбаны видеофайл ретінде сақтай аласыз.

«Birge oqý»  және «Movavi Біліммен» бірге медиа шығармашылықты дамытып, мультимедиялық технологияларды оңай игеріңіз! 

Movavi сайтына сілтеме:  https://edu.movavi.ru/

Түсініктеме қалдыру