Елбасы қоры жанындағы Ғылыми кеңес  «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы киберпедагогика» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

22 мамыр 2020 ж. 12344 0

Білім беру саласындағы жас ғалымдар мен мамандарды, студенттерді  27 мамыр күні сағат 15:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен)/12:00 (Мәскеу уақытымен) «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы киберпедагогика» тақырыбында өтетін онлайн-дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жанындағы Ғылыми кеңесі мен «Homo Cyberus» ақпараттық-ағартушылық интернет-порталының редакциясы.

Білім беру саласын цифрландыру әлемдегі жетекші жаһандық үрдістердің бірі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар барлығына білім жолындағы кедергілерді жеңуге мүмкіндік беріп қана қоймай, алдымызға жаңа мақсаттар қояды. Білім беру процесі екі құрамнан тұрады-оқыту және тәрбиелеу. Қашықтан және онлайн оқыту заманауи еңбек нарығына қажетті білім беру, білік пен дағдыларды дамыту міндетін шешеді. Сонымен қатар, цифрландыру жағдайында жеке тұлғаны тәрбиелеу, өзінің ерекшеліктеріне қабылдап, оның адамгершілік келбетін қалыптастыру міндеті ерекше өзектілікке ие болады.

ХХІ ғасырдағы киберсоциализация нәтижесінде адам ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік нормалар мен ережелерді пәндік шындыққа қарағанда тезірек меңгереді. Әлеуметтік байланыстар тәжірибесін виртуалдандыру  жаңа зерттеу міндеттерін қойды және ол онлайн - дөңгелек үстел жұмысында талқыланатын маңызды тақырып болмақ.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, заң  ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков, Ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты Мақсат Жабағин,  Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры , «Homo Cyberus» ақпараттық-ағартушылық интернет-порталының бас редакторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Плешаков,  Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің  жүйелік жобалар институтының ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, «Homo Cyberus» электрондық ғылыми-публицистикалық журналының бас редакторының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Валерия Обеденкова,  Satbayev University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің мүшесі, PhD Ермек Тоқтаров және т.б. қатысады

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

  • Киберпедагогика: іс-әрекеттік, құзыреттілік және киберонтологиялық тәсілдер;
  • Интернет-жобалауды жоғары педагогикалық білім берудегі киберпедагогика технологиясы ретінде қарастыру;
  • Қазақстандағы білім беруді цифрландыру контекстіндегі университеттердің оқу ортасын трансформациялау перспективалары;
  • ЖОО оқу үрдісінде "Lightspeed" менеджментін дамыту.

Спикерлердің ғылыми баяндамаларымен сөз сөйлеуінің қорытындысы бойынша пікірталастар өткізіледі, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, педагогтар, ТМД елдерінің ғылым академиялары жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағалары, білім беру саласындағы сарапшылар мен оқушы жастар қатысады.

Көрсетілімі YouTube арнасында өтеді.

Барлықтарыңызды дөңгелек үстел мен пікірталасқа қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:

Едігеева Роза Мақашқызы — roza@fpp.kz, +7 701 488 2469
Тоқтаров Ермек Бауыржанұлы — ermekuss@mail.ru, +7 707 112 8424

Түсініктеме қалдыру