«Astana club» отырысында Еуразия үшін 10 басты сын-қатер таныстырылды

11 қараша 2019 ж. 762 0

«Astana club»-тың жыл сайынғы отырысы Нұр-Сұлтанда өтеді. Талқыланатын басты тақырып – «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында». Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты қолдауымен ұйымдастырылған бұл ауқымды халықаралық диалог алаңы бесінші рет Қазақстан астанасына әлемнің 50-ден астам беделді саясаткерлерінің басын қосты. Бұл Еуразияның танымал зиялылары мен халықаралық қатынастар саласындағы үздік сарапшылар. Негізгі спикерлердің қатарына Ауғанстан Президенті (2001-2014) Хамид КАРЗАЙ, Словения Президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Нобель сыйлығының лауреаты (2005), МАГАТЭ-нің Бас директоры (2013-2014) Мұхаммед әл-БАРАДЕИ, JP Morgan Chase International Директорлар кеңесінің төрағасы Джейкоб ФРЕНКЕЛЬ, Бельгияның премьер-министрі (2008, 2009-2011), IDEA халықаралық институтының бас хатшысы Ив ЛЕТЕРМ және т.б. бар.

Бүгін «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» рейтингісінің кезекті шығарылымы таныстырылды. Жыл сайынғы рейтингті құрудағы негізгі мақсаты – Еуразия аймағындағы ең маңызды сын-қатерлерді бағалау және стратегиялық болжау. Бұл зерттеуге пікірлерін мемлекет басшылары, халықаралық институттар және ірі бұқаралық ақпарат құралдары ескеретін 40 маңдайалды сарапшылар мен саясаткерлер қатысты. Сонымен қатар, сауалнама әдісі арқылы 70 елден келген 1100-ден астам кәсіби респонденттен сұхбат алынды.

2020 жылы Еуразия үшін басты сын-қатерлер:
1. АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлаудағы дүмпулер.
2. Әлемдік экономикалық құлдырау.
3. АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыстың шиеленісуі.
4. Әлемдік қарулану жарысында жаңа кезең.
5. Технологиялық үстемдік үшін күрестің күшеюі.
6. Иранға қарсы әскери жорық.
7. Корея түбегіндегі ядролық дағдарыс.
8. Терроризмнің жаңа толқыны.
9. Агрессивті ұлтшылдық пен популизм толқыны.
10. Климаттың өзгеруіне байланысты ауқымды проблемалар.

 


Медиа жаңалықтар

1 / 9

Түсініктеме қалдыру