Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін арнайы сыйлығы 2017 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен 2017 жылы тағайындалды.

Сыйлық:

- Ядролық қаруды таратпағаны, қарусыздандыру, ядролық запастарды қысқарту және жою, ядролық сынақты тоқтату, ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану үшін қосқан зор үлесі үшін;

- Бейбітшілікті және достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті, мемлекетаралық қатынастарды теңдік пен біркелкі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін тағайындалады.

Алғаш рет Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы Иордания королі Абдалла II-ге табыс етілді. Сыйлықты беру рәсімі 2017 жылы 1 қарашада Иордания Королінің Қазақстанға ресми іс-сапарының барысында өтті.

2019 жылы сыйлық  Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) бұрынғы бас директоры Юкия Аманоға және   Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты ұйымының  атқарушы хатшысы Лассина Зербоға табысталды.