Елбасы Академиясы

Елбасы Академиясы серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнатып, Қазақстанның игілігі үшін адами капиталды дамытуға бағытталған «Ел Үміті» бастамасы аясындағы жобалардың іске асырылуын үйлестіреді.

Елбасы Академиясының пайымы

Академия көшбасшылар мен ел кәсіпқойларының болашақ буынын дамытуға бағытталған жобаларды біртұтас жүйеге біріктіреді.
Академия еліміздің әлеуметтік тұрғыдан жауапты, қабілетті, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын азаматтарын дамытуға бағытталған жаңа жобалар әзірлеу бастамасын көтереді.

Ол үшін Академия:

  • адамдардың қабілет-қарымын дамыту саласындағы үздік сарапшылар мен мамандарды тартады;
  • адам қабілеті мен әлеуетін дамытумен айналысатын серіктестермен бірігіп, белсенді түрде жұмыс жасайды;
  • қабілеті жоғары және ел дамуына өз үлесін қосуға дайын азаматтарды қолдайды және оларға жағдай жасайды;
  • ұдайы қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін зерттейді.

Біз – жекелеген дарындарды дамытуға нақты көмек көрсетеміз, сонымен қатар, біз – ҚР әлеуеті жоғары барлық азаматтарын дамытуға жаппай ықпал ететін жүйеміз.