Мемелекеттік тілді дамыту қоры

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Қордың негізгі мақсаты – қазақ тілін дәріптеу, әлемдік қоғамдастықта мемлекеттік тіл мен әдебиеттің әлеуетін қолдау және насихаттау, мемлекеттік тілді үйренуде инновациялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, жастарды қазақ тілін тереңдетіп оқуға, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тануға баулу, қазақ тіліндегі электрондық ақпарат кеңістігін дамытуға ықпал ету, сандық білім беру ресурстарын дамыту.  

Қор құрылғалы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 200-ден астам іс-шара мен қоғамдық жоба жүзеге асты.  Жобалар қатарында елімізде тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимде тегін үйрететін «Soyle.kz» интернет-порталын, «Tattialma.kz» танымдық балалар әдебиеті сайтын, «Abaialemi.kz» тұңғыш энциклопедиялық онлайн порталын, «Qazaqstan 3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын, «Кім білгіш?»  тұңғыш интеллектуалды мобильді ойынын, «Менің Қазақстаным»«Қазақстанның Ұлы Тұлғалары»«Қазақстанның мерекелері», «Жеті қазына» мобильді қосымшаларын, «Qazaq Latyn Keyboard» - смартфон мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта, іс қағаздарды, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты әзірлеу және еркін жаза білуге үйрететін «Resmihat.kz» ақпараттық-анықтамалық порталын көруге болады.