Қарасай ауданының білім беру қоры

Қарасай ауданының білім беру қоры 2007 жылы құрылды. Басты мақсаты – оқу гранттарын бөлу, түрлі байқаулар мен олимпиадалар өткізу,  аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, балалар үйі мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне көмек көрсету арқылы Алматы облысының талантты мектеп оқушыларына қолдау көрсету. 

Қор - сондай-ақ біліктілікті арттыру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жергілікті мұғалімдерге қолдау көрсетіп, үздіктерді анықтайды.

Қор еншісінде Алматы облысы мектептерінің ең белсенді және талантты оқушыларын анықтаған  көптеген  мектептік пән олимпиадалары, мектеп ансамбльдерінің шығармашылық байқаулары, поэзия байқаулары және т.б. шаралар бар.