БАҒЫТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

IT инновациялар

Бағыт типі

Технологиялық

Құжаттар

Жоқ

Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры жанындағы АТ-Кеңес 2017 жылы цифрлық инновацияларды қолдау мақсатында құрылды. Үш жыл ішінде Қор ақпараттық технологияларды дамытудың бірқатар табысты бағдарламаларын жүзеге асырды. Біз батыл әрі озық жобалар мен бағдарламаларға қолдау көрсетеміз.

Жауапты тұлғалар

Рашид Дюсембаев
r@dyussembayev.kz
Анастасия Мамлютова
a.mamlyutova@fpp.kz

Бастама сипаттамасы

Біз алғашқылардың бірі болып Smart Zholy бағдарламасын іске қостық, оның аясында жас қазақстандық стартаптардың Сингапур арқылы әлемдік нарыққа шығуына ықпал етеміз. Осы уақытқа дейін бағдарламаға 2 мыңнан астам дарынды қазақстандық қатысты, болашағы зор 27 стартап Оңтүстік Шығыс Азияның үздік стартаптарының Топ-100-іне енді, ал Wunder.kz стартапы сингапурлық қордан венчурлық инвестициялар тартты.

Method PRO АТ-тағылымдамалар бағдарламасы табысқа жетті. 5 мыңнан астам өтінімнің ішінен ең дарынды 418 студент іріктеліп, олар бағдарламалау бойынша арнайы оқыту курсынан өтті, жетекші қазақстандық компанияларда тәжірибе жинап, курсты тәмамдаған соң өздерінің жеке АТ-жобаларын іске қосуға мүмкіндік алды.

2018 жылдан бері біз Қазақстанда «Код сағаты» жаһандық акциясына қолдау білдіріп келеміз. Оның барысында бүкіл әлем бойынша оқушылар бағдарламалаумен танысады. Қордың қолдауымен 2018-2019 жылдары елдің әрбір оныншы оқушы болашақ ойынның, бағдарламаның немесе мобильді қосымшаның алғашқы код қатарын жазып, бағдарламалау машықтарымен танысты. Цукербергтер осылайша пайда болады.

Қор сондай-ақ  «КазРобоПроект» пен «КазРобоСпорт» сайыстарының республикалық кезеңдеріне қолдау көрсетеді.   2018 жылы бағын сынауға талаптанғандар саны 3000 болса, 2019 жылы олардың саны 4500 құрады. Жобалар сайысының финалында алғашқы жылы 24 жоба қатысса, 2019 жылы үздіктер 30 жоба арасынан анықталды, олардың 15-жобасы 10-15 жас аралығындағы қатысушылар.  

ТПҚ дарынды қазақстандықтарға гранттар, робототехника конкурстары мен болашақ инженерлерге арналған арнайы бағдарламалар арқылы көмектесіп келеді. Біздің жеңімпаздарымыз америкалық NASA ғарыш агенттігінен бастап, Қытай мен Эмираттағы инновациялық челлендждерге дейінгі ірі халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып жүр.

Жобалар

Method PRO

Smart Zholy бағдарламасы