Жоба туралы ақпарат

"Myń bala" Ұлттық Олимпиадасы

Бағыт типі

Бiлiм беру

ІІ кезең 

25-26 маусым 2020 жыл

Жауапты тұлғалар

Асанова Жазира Қанатқызы
"Myń Bala" жобасының координаторы
zh.assanova@elumiti.kz

Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.

MYŃ BALA Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?

Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізіледі – сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған.

I кезең – сырттай

Бірінші кезеңде 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде 5000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Үлгерім бағалары «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша алынады.

II кезең – тікелей (2020 жылдың 25-26 маусым күндері өтеді).

Бұл кезеңде  компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша  1000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Бағалауда оқушылардың когнитивті дағдыларын сынаққа салады.Яғни үміткерлердің логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін анықтай алатын тапсырмалар беріледі. Тестілеу бейне-трансляциямен сүйемелденеді.

Екінші кезеңді өткізу жөнінде толық ақпаратпен, сондай-ақ тапсырмалардың үлгілерімен 2020 жылдың 5 маусымынан бастап www.fpp.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазу арқылы алуыңызға болады.

Myń bala олимпиадасы қандай мүмкіндік береді?

  • Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады.
  • Ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келешекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін El Úmiti  өркендеу онлайн платформасында арнайы курс тізбегі қолжетімді болады.