Жоба туралы ақпарат

"Myń bala" Ұлттық Олимпиадасы

Бағыт типі

Бiлiм беру

Жауапты тұлғалар

Асанова Жазира Қанатқызы
"Myń Bala" жобасының координаторы
zh.assanova@elumiti.kz

Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.

MYŃ BALA Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?

Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізіледі – сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған.

I кезең – сырттай

Бірінші кезеңде 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде 5000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Үлгерім бағалары «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша алынады.

II кезең – тікелей

Екінше кезеңде компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша  1000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Бағалауда оқушылардың когнитивті дағдыларын сынаққа салады.Яғни үміткерлердің логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін анықтай алатын тапсырмалар беріледі. Тестілеу бейне-трансляциямен сүйемелденеді.

Myń bala олимпиадасы қандай мүмкіндік береді?

  • Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады.
  • Олимпиаданың үздік 1000 оқушысы үшін Нұр-Сұлтан қаласында жазғы мектеп, онлайн курстар және оқу сессиялары сияқты қолдау шаралары ұйымдастырылады.
  • Ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келешекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін El Úmiti даму онлайн-платформасы қолжетімді болады.

Жоба
Birge oqý - дамытушы пікірталас алаңы
Жоба
Елбасы Медалі
Жоба
Qabilet - кәсіби бағдарлау құралдары