Жоба туралы ақпарат

El Umiti өркендеу-онлайн платформасы

Бағыт типі

Бiлiм беру

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Тегі Аты Жөні
Лауазым
email

"El Umiti" өркендеу-онлайн платформасы - бізбен бірге білім алып,  Сіздің болашағыңызды қалыптастыратын, бүгініңізді айқындайтын бірегей құрал. Жоба АТ-технологияларды қолданумен тікелей байланысты болғандықтан, инновациялық сипатқа ие.

Цифрлық шешімдер:

  • жынысына, жасына, этникалық белгісіне, дәрежесіне, сондай-ақ физикалық немесе менталды күйіне бөлмей, теңдей жағдай мен мүмкіндік ұсынуға;
  • қазақ тілін насихаттауға, қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін танытуға, шетелдегі қазақ азаматтарына ана тілін сақтап қалуға, оны үйренуге, ал Қазақстандағы шетел азаматтарына қазақ тілін үйренуге ықпал етуге;
  • геосаясат, экономика, адами капитал саласындағы зерттеулерді, сондай-ақ әлеуметтік, өңірлік зерттеулерді және т.б. топтастыратын біртұтас торап құруға;
  • жағымды халықаралық имиджді арттыруға және ұқсас халықаралық серіктестермен достық және өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға;
  • таланттар мен дарындыларды объективті анықтау бойынша шешімдер кешенін құруға, таланттардың дамуына мониторинг жасауға;
  • жаратылыстану-математика пәндері мен АТ-технологияларды дамытуға жағдай жасауға;
  • қосымша білімді онлайн режимде (тегін) қолжетімді ету арқылы ауыл жастарын қолдауға және дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.