Жоба туралы ақпарат

«ЖАСSTAR» Халықаралық фестивалі

Бағыт типі

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Исмаилов Тимур Мұратұлы
Жобаның басты үйлестірушісі
tismailov@fpp.kz

«ЖАСSTAR» – бұл Қордың шығармашыл жастарға арналған фестивалі. Ол жыл сайын өткізіліп, мәдениет пен өнердегі үздік қайраткерлер арасында, сондай-ақ дарынды студенттер арасында тәжірибе алмасу алаңы болып есептеледі. Жылдар өте «ЖАСSTAR»  жаңа ойлар туындатып, қатысушыларға шабыт беретін тамаша дәстүр қалыптастырды.

Фестиваль бағдарламасы кино, музыка, әдебиет, театр мен би өнері аясында іс-шараларды біріктіреді. Мәдениет пен өнердің майталмандары шеберлік сабақтардан дәріс береді, шығармашылық кештері мен лекцияларында жас әртістермен кәсіби құпиялары мен кәсіптерінің қыр-сырларымен бөліседі. Фестиваль барысында көркем көрмелер, сән көрсетілімдер мен концерттер өткізіледі.

«ЖАСSTAR» 2009 жылдан бастап өтуде. Жыл сайынғы шараға Қазақстаннан, Ресейден, Франциядан, Түркиеден, Әзірбайжаннан, Якутиядан, Моңғолиядан, Қырғызстаннан және де басқа елдерден бір мыңнан астам қатысушылар мен қонақтар жиналады. Осының барлығы «ЖасStarды» жас таланттарға арналған Қазақстанның мәдени шараларының бастысы деп атауға құқық береді.

Жоба
Resmihat.kz
Жоба
«Art-Самғау» Халықаралық фестивалі
Жоба
Қор Сыйақысы