Жоба туралы ақпарат

Qazaqstan 3D

Бағыт типі

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Камысбаева Сулушаш Иманкуловна
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ жоба менеджері
s.kamisbaeva@bk.ru
Шауеев Азат Садметұлы
"Мемлекеттік тілді дамыту қоры" КҚ директоры
info@qazaq-found.kz

Тұнғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елімізде цифрлық сервистерді дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Qazaqstan 3D» жобасы Қазақстанды таныстырудағы ерекше  мультимедиялық  жолсерік деуге болады.

Жаңа технологияға негізделген «Qazaqstan 3D» жобасының басты мақсаты ғаламтор желісінің мүмкіндігі арқылы өз отандастарымызды, шетелдік қонақтарды республикамыздың көрнекті жерлерімен таныстыру болып табылады. Қазіргі заманға сай дайындалған веб-сайт пен Android және iOS платформаларындағы қосымша жүйелі құрылымымен, қолайлы интерфейсімен ерекшеленеді, мұнда Қазақстанның танымал туристік орындары 3D моделінде таныстырылады. Сайт әлем жұртшылығының Қазақстан туралы толығырақ мағлұмат алуына мүмкіндік береді, ал елімізге саяхат жасауға қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың ғаламтор арқылы өзіне сенімді серіктес тауып, қауіпсіз саяхат жасау бағытын анықтауға және қолайлы тұрғынжай таңдауына көмектеседі. Жоба үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Жоба
Resmihat.kz
Жоба
«Art-Самғау» Халықаралық фестивалі
Жоба
Қор Сыйақысы