Жоба туралы ақпарат

8 оңалту орталықтарын құру

Бағыт типі

Әлеуметтік

Жауапты тұлғалар

Еркінова Арайлым Еркінқызы
Жетекші үйлестіруші
kamkorlyk2019@gmail.com

«Қамқорлық» бағыты аясында   өңірлерде аурухана мен емханалар базасында оңалту орталықтарының ашылуы жоспарлануда.

Жобаның негізгі мақсаты - қолданыстағы инфрақұрылымға негізделген сауықтыру орталықтарының жаңа эргономикалық және экономикалық моделін құру және қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мекемелердің тапшылығын толтыру.

Оңалту орталықтары Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында және Нұр Сұлтан қаласында ашылады. Аймақтардың таңдалуы олардың 6-ында бірыңғай оңалту орталығы жоқ екендігімен, ал екі облыста - Түркістан және Жамбыл облыстарында - дамуында ауытқуы бар балалардың көп болуы.

Оңалту орталықтарының жұмысы - туа біткен кемістігі бар,   тірек-қимыл жүйесі, жүйке жүйесі аурулары және т.б. дертке шалдыққан  балалар мен жасөспірімдерге тұрақты түрде  ақысыз кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету.  Яғни өзге аймақтардағы балаларға ауруханада ем-дом қабылдаудың, оңалту кезеңінің барлық мерзіміне  қалуға мүмкіндік берілген,  ал жергілікті тұрғындар  - амбулаториялық негізде, ата-аналарымен күн сайын процедуралар мен сабақтарға 21 күн келе алады.  Әр орталық жылына 600 баланы қабылдайды.

Түркістан облысында алғашқы ерте араласу орталығы (катамнестикалық кабинет) ашылады. Орталық оңалтудың алғашқы сатыларын қолдану арқылы мүгедектіктің алдын-алуға және оның көрсеткішін төмендетуге айқын серпіліс бермек.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  қалпына келтіру орталықтарының 8-не негізгі және қосымша жабдықтар сатып алады.

Жергілікті атқарушы орган аурухана жанынан қосымша жай  бөлуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ  бекітілген сызбалар мен жобалық жобаларға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры  қаржыландырады және өз қаражаты есебінен 8 оңалту орталықтарына маман даярлауды қамтамасыз етеді.

Жоба
Фитнес орталықтар ашу
Жоба
Аман Келешек
Жоба
Мектепке жол