Жоба туралы ақпарат

Фитнес орталықтар ашу

Бағыт типі

Әлеуметтік

Құжаттар

Жоқ

Жауапты тұлғалар

Еркінова Арайлым Еркінқызы
Жетекші үйлестіруші
kamkorlyk2019@gmail.com

Фитнес орталық -  мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған  спорттық-сауықтыру орталығы.  Жоба оңалту ем-шарасынан кейін спортпен шұғылдануға, сауықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты - барлық ауыл тұрғындары үшін дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жоба аясында ауылда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандардың физикалық дамуына жағдай мен мүмкіндік туғызатын  фитнес-орталықтар ашылады. Орталықтарды 200 елді мекенде ашу жоспарланған.

Мақсатты аудитория:

  1. 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
  2. Ерекше қажеттіліктері бар жандар және олардың отбасылары
  3. 17-25 жас аралығындағы ауыл тұрғындары
  4. 55 жастан 65 жасқа дейінгі ересектер

Бағыттар:

  • фитнес 
  • балаларға арналған каратэ секциясы
  • 50 жастан асқан адамдарға арналған би және вокал
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ЕДТ кабинеттері